Ақтөбе «Көшбасшы әйелдердің тиімді дағдылары» атты семинар болып өтті

АҚТӨБЕ. 14 наурыз. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында Ақтөбе қаласы кәсіпкерлік бөлімінің ұйымдастыруымен «Көшбасшы әйелдердің тиімді дағдылары» атты семинар-тренинг болып өтті.

Тренинг барысында әйелдер қауымы «Мансап бойынша көтерілу психологиясы», «Іскер әйелдің имиджі», «Қызметкерлерді басқару» сияқты тақырыптармен таныс болды.

Іс-шараға бизнес құрылымдардағы көшбасшы әйелдер, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.