Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.
Пойыз «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның вагондарынан құрастырылған. Олар отандық «Ремпассажирвагон-2» кәсіпорнында қайта жөндеуден өтті. Жөндеу жұмыстары кезінде, жолаушылардың ұсыныстары ескеріліп, вагонның ішкі және сыртқы дизайнына үлкен көңіл бөлінді. Барлық вагондар жұмсақ әрі ыңғайлы орындармен қамтылды, DVD - ойнатқыштары бар теледидарлар қойылып, купе қабырғаларына қазақстандық суретшілердің картиналары ілінді.
Жайлылықтың ең жоғары көрсеткішіне ие болған «Батыс» пойызында сондай-ақ жолаушыларға шахмат, нард ойындары мен газет, журналдардың жаңа нөмірлерін ұсынатын болады. Сонымен бірге, жолаушылар тоңазытқыш камераларын, қысқатолқынды пеш пен сейфті пайдалана алады. СВ, купе және плацкарт 3 типті пойызда вагон-мейрамхана да бар. Онда тағамның әр түріне тапсырыс беріп, түскі немесе кешкі тамақты купеге алғызу мүмкіндігі қарастырылған.
Жолаушылар тасымалынан атап өткендей, «Батыс» жолаушылар құрамы халықтың жайлы, сапалы және қауіпсіз тасымалға деген сұранысын қанағаттандыратын теміржол көлігі болады. Темір жол көлігінің жол жүру уақыты 42 сағат 10 минутты құрайды.