Ақтөбе: облыстық ішкі саясат басқармасына жаңа бастық тағайындалды

АҚТӨБЕ. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықовтың қаңтардың 9-ындағы өкімімен облыстық ішкі саясат басқармасының басшылығына Ахат Мырзалин тағайындалды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, Ахат Мырзалин бұған дейін облыс әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған.