Ақтөбе облысы аумағында барлық жолдар ашық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысы аумағындағы барлық республикалық жолдарда көлік қозғалысы қалыпты тәртіпте жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, кеше боранға байланысты «Ақтөбе-Атырау-РФ шекарасы» жолының 246-330 шақырымындағы Қарауылкелді мен Атырау облысы аралығында қозғалысқа шектеу енгізілген болатын. Бүгін сағат 09.40-тан бастап бұл жолда көлік қозғалысы қайта жандандырылды.

Бұдан бөлек, қазіргі кезде Алматы облысы аумағындағы боран салдарынан «Үшарал-Достық» жолының 83-173 шақырымындағы Көктума мен Достық учаскесінде жол жабық.