АСТАНА. 5 ақпан. ҚазАқпарат - Боранға байланысты Ақтөбе облысы аумағындағы республикалық жолдың учаскесінде көлік қозғалысы шектелді. Бұл туралы бүгін «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Атап айтқанда, сағат 16.30-дан (Астана уақытымен) бастап қолайсыз ауа райы салдарынан «Самара-Шымкент» автожолының 612-719 шақырымындағы «Қобда-Ақтөбе қ.» аралығында автокөліктің барлық түрлері үшін жол жабылды.
«Қазақавтожол» РМК-да автомобиль жолдарының жабылған учаскелері жөнінде халықты хабардар ету үшін тәулік бойы диспетчерлік қызмет жұмыс істейді: Астана қаласында 8 (7172) 444-777 телефоны арқылы мәлімет алуға болады.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.