Ақтөбе облысы Индустрияландыру картасына енгізу үшін 30 жаңа инвестициялық жоба ұсынып отыр

ӨБЕ. 20 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысында аймақтық және республикалық индустрияландыру картасын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстар, қатарға қосылған нысандарға мониторинг жүргізу жұмыстары қарқынды жүріп жатыр.

Кеше индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі Берік Қамалиевтің қатысуымен өткен үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі аймақтық үйлестіру кеңесінің отырысында Ақтөбе өңірінің өкілдері Индустрияландыру картасына тағы да жаңа 30 инвестициялық жобаларды енгізуді ұсынды.

Осылайша, мұнай-газ, химия өнеркәсібі, құрылыс индустриясы, машина жасау, фармацевтика, агроөнеркәсіптік кешен, тасымал қызметтері сияқты салаларда жаңадан 2 600 жұмыс орнын құру көзделіп отыр.