Санақтың қысқаша қорытындысы туралы брифинг барысында бұл туралы облыстық статистика департаменті мәлім етті.
Департамент бастығы Әлия Боранбаеваның айтуынша, ауылдық жерлерде Ақтөбе облысы халқының 39,2 пайызы тұрады. Солай бола тұра, республика бойынша қала халқы 54,1 пайызды, ауыл халқы 45,9 пайызды құраған.
2009 жылғы санақ қорытындысына сүйенсек, жалпы алғанда Ақтөбе облысында 757,8 мың адам тұрады екен, бұл 1999 жылмен салыстырғанда, 75,2 мың адамға көп. Халық саны бойынша облыс республикада 8 орында тұр, ал халық санының өсу қарқыны бойынша жетінші орында.