Ақтөбе облысында ауылдық тұрғын ұрыс кезінде 39 жастағы ер адамға пышақ салды

АҚТӨБЕ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Қобда ауданына қарасты Құрсай кентінің 39 жастағы тұрғыны адамның өліміне әкеліп соқтырған денсаулыққа ауыр зиян келтіруде күдікті деп танылды.

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, 7 тамызда «Локомотив» кинотеатрынан ішінде пышақ жарақатымен 39 жастағы ер адам ауруханаға жеткізілді. Ол екінші күні есін жинамастан бақилық болып кетті. 

Жедел-іздеу шараларының барысында полицейлер Қобда ауданының 39 жастағы тұрғынын ұстады. Ол ұрыс кезінде жәбірленушіге пышақ салғанын мойындады. Күдікті азамат ешқайда жұмыс істемейді, бұған дейін ұрлық және қарақшылық үшін сотталған болатын. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды, ұрыстың себептері анықталуда.