Ақтөбе облысында азық-түлік тауарларының бағасы 1 жыл ішінде 5,1 пайызға өсті

АҚТӨБЕ. 10 қаңтар. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында азық-түлік тауарларының бағасы 2012 жылы желтоқсанда 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,1 пайызға өсті, деп хабарланды облыстық статистика басқармасынан.

ТКШ қызметтерінің бағасы 8,7 пайызға, оның ішінде баспананы жалға беру 24,8 пайызға, қоқыс жинау 62 пайызға, домофон қызметі 33,3 пайызға, электр энергиясы 9,8 пайыздық көрсеткішке, газ 4,1 пайызға өсті.

Медициналық қызмет жалпы алғанда 25,4 пайызға артты. Онымен бірге жеке емханаларда дәрігерлердің бірінші қабылдауы 36,7 пайызға, тіс дәрігерлерінің қызметі 6,6 пайызға, күндізгі стационарда ем қабылдау 30,1 пайызға өсті.

Көлік қызметтері 2012 жылы желтоқсанда 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстарғанда 5,4 пайызға өсті.