Шара кәмілеттік жасқа толмағандарға темекі бұйымдарын, 21 жасқа толмағандарға алкогольді ішімдіктерді және түнгі 23:00-ден кейін алкогольді сатудың алдын алуға бағытталған.
Мәселен, аталған кезеңде ішкі істер органдарына түрлі құқық бұзған 43 жасөспірім жеткізілді. Сондай-ақ 57 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Олардың - 21-і кәмілетке толмағандарға темекі өнімдерін, 36-сы - 21 жасқа толмағандарға алкогольді ішімдіктерді сатуға байланысты. Түнгі 23-00-ден кейін алкоголь өнімдерін сатудың 11 фактісі тіркелді.
Әкімшілік сотқа 19 материал жіберіліп, оның 7-еуі қаралды. Акция өткізілген аралықта құқық бұзушыларға жалпы сомасы 536610 теңге көлемінде айыппұл салынды.