Ақтөбе облысында бірқатар жолдар жабық тұр

АСТАНА. 20 қаңтар. ҚазАқпарат - Күшті боранға байланысты Ақтөбе облысында бірқатар жолдар жабық тұр. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК баспасөз қызметінен хабарлады.

Атап айтқанда, қазіргі кезде бұл облыс аумағында барлық автокөлік түрлері үшін мына жолдар жабық тұр: -«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 0-257 шақырымындағы Қандыағаш мен Шалқар аралығында; -«Ақтөбе-Астрахань» жолының 178-330 шақырымындағы Шұбарқұдық пен Атырау облысы шекарасы аралығы; -«Ақтөбе-Астрахань» жолының 45-176 шақырымындағы Алға мен Шұбарқұдық учаскесі; -«Самара-Шымкент» жолының 753-1240 шақырымындағы Ақтөбе қаласы мен Қызылорда облысы аралығы; -«Самара-Шымкент» жолының 710-526 шақырымындағы Құрмансай-БҚО шекарасы; -«Ақтөбе-РФ шекарасы» жолының 21-135 шақырымындағы Пригородный мен РФ шекарасы учаскесі; -«Қарабұтақ-Комсомольск-Қостанай облысы» жолының 0-231 шақырымындағы Қарабұтақ мен Қостанай облысы шекарасы; -«Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» автожолының 257 -401 шақырымындағы Шалқар мен Ырғыз аралығында; - Ақтөбе қаласының солтүстік айналма жолының 0-39 шақырымы учаскесі.