Ақтөбе облысында боранға байланысты жолдар жабылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауа райының қолайсыздығына байланысты Ақтөбе облысында жолдар жабылды, деп хабарлайды ҚР ІІМ ТЖК.

«30 қаңтар күні ауа райының нашарлауына байланысты (бұрқасын, жолдың көрінбеуі) барлық автокөліктер қозғалысы тоқтатылды: сағат 14-00-ден «Ақтөбе-Орск» т/ж (19-135 км, Ақтөбе қ. Ресей федерация шекарасына дейін); сағат 15-00-ден «Хромтау-Никельтау-Бадамша» т/ж (0-48 км, Хромтау қ.-Бадамша а.)», - деп жазылған хабарламада.