Ақтөбе облысында демалыс күндері ақтүтек боран болады деп күтілуде

АҚТӨБЕ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат - Синоптиктердің болжамынша, алдағы демалыс күндері облыста кей жерлерде желдің екпіні 22-27 м/с-қа дейін жетеді, оған қоса қар мол жауып, ақтүтек боран соғып, жолдар қар құрсауына тап болуы мүмкін.

Осыған байланысты жол полицейлері жүргізушілерге қала сыртына шықпауға кеңес беруде.

Алыс жолға шыққан жағдайда жүргізушілер жолдарда сақ болып, жылдамдықты арттырмаулары керек. Төтенше жағдайлар орын алған болса, тез арада жедел қызметтерге хабарласуды сұрайды.