Ақтөбе облысында екі вагон рельстен шығып кетті

АСТАНА. Сәуірдің 3-і. ҚазАқпарат – Кеше Ақтөбе облысында Жіңішке стансасында құм тиелген екі вагон кіреберіс жолдардың бірінен шығып кетті,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Төтенше оқиғаның салдарынан Ақтөбе-Орынбор тас жолы жабылды. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Кешке сағат 19.30-дағы жағдай бойынша, екі вагон да рельске қойылып, межелі жеріне жөнелтілді, Ақтөбе-Орынбор жолы ашылды. Оқиғаның салдарын жоюға 12 адам және 3 техника жұмылдырылды.