Ақтөбе облысында «Есепке алу» операциясының нәтижелері шығарылды

АҚТӨБЕ. 6 қараша. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 1-5 қараша аралығында Ақтөбе облысының жер аумағында «Есепке алу» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, 5 күн ішінде полицейлер құқық бұзушылықтардың алдын алу, қылмыстарға тосқауыл, құқық бұзушылықтар жасауға бейім азаматтарды анықтау және есепке қою шараларын жүргізіп, оларды тұрғылықты мекен-жайлары бойынша тексерді.

Жедел-алдын алу шарасы нәтижесінде тұрғылықты мекен-жайы бойынша 13 мыңнан астам арнайы есепте тұрған азамат тексерілді, оның ішінде әкімшілік қадағалауда тұрған 354 адам, шартты-мерзімінен бұрын босап шыққан 1685 адам да бар. 1241 қорғау хаттамасы шығарылды.

Сондай-ақ, шара барысында кәмелетке толмағандар желісі бойынша да кешенді жұмыстар атқарылды. Қазіргі күні полиция есебінде 714 жеткіншек тұр, оның 14-іне қатысты қорғау туралы шешім шығарылды