деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінен.
Оның ішінде, 2 жарылғыш құрылғы, заңсыз сақталып келген, тіркелмеген тегіс оқпанды 37 мылтық, 68-ге жуық оқ-дәрі тәркіленді, облыс халқы өз еріктерімен 39 мылтықты, 3 газды және 4 травматикалық тапаншаны тапсырды.
Атап айтқанда, Мартөк ауылында жергілікті 43 жастағы азамат полиция қызметкеріне Ф-1 гранатасын әкеп тапсырды. Ол гранатаны темір жинап жүрген кезінде, ауылдың шетінен тауып алған.
Облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Алмат Иманғалиевтің айтуынша, «Қару» операциясының мақсаты - облыстағы жедел ахуалды оңалту, атыс қаруы, жарылғыш заттар қолданылатын қылмыстардың алдын алу және ескерту болып табылады. Қару-жарақты өз еріктерімен тапсырғандар жауапқа тартылмайды", - деді А.Иманғалиев.
Тәркіленген барлық қару-жарақ бойынша сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, қазір тексеру жүріп жатыр.