ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сағат 18. 50 минут кеткенде сөндірілді. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысының ТЖД 5 адамнан тұратын жеке құрамы мен өрт сөндіру қызметінің 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 80 шаршы метрді құрады. Қаза болғандар мен жарақаттанғандар жоқ.
07:49, 31 Қаңтар 2012
Ақтөбе облысында «Қазпошта» АҚ-ның ғимараты отқа оранды
АСТАНА. 31 қаңтар. ҚазАқпарат - 30 қаңтарда сағат 17. 30 минут кеткенде Ақтөбе облысының Мәртөк ауданындағы бір қабатты ғимаратта орналасқан «Қазпошта» АҚ бөлімшесі өртенді.