"Президентіміз аймақтардың алдына қойған басты міндет - экономиканы дамыту. Жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту қажет. Және тағы бір міндет - экспортқа шығу: ең жақын нарыққа, Ресейдің шекара маңындағы аймақтарға шығу, сауда жасап үйрену, бірлескен кәсіпорындар құру керек" ,- деген сенімде Ә. Исекешев.
"Біз бірлескен жобаларды дамыта аламыз, шетел технологияларын тарта аламыз, сауданы дамыта аламыз. Логистика да маңызды", - деп ескертті ҚР Премьер-Министрінің орынбасары.