Жолаушылардың шамадан артық болғаны үшін, басқа да техникалық бұзушылықтар үшін автобус жүргізушісіне әкімшілік айыппұл салынды. Бірақ жол полициясының ғимаратында автобус жолаушыларының бірі өзін тасымалды ұйымдастырушымын деп таныстырып, инспекторларға хаттаманы толтырмау үшін пара ұсынады.
Бұл жайында Ұйымдасқан қылмыспен күрес жөніндегі басқарманың қызметкерлеріне хабар беріледі және Өзбекстанның 49 жастағы азаматшасы 20 мың теңге ақша беру үстінде бұлтартпас айғақпен ұсталады.