Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз автожолының Ембі - Шалқар учаскесінде (91-257 шақырым аралығы) жол қозғалысы ашылды. Бұл туралы Көлік және коммуникация министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Естеріңізге сала кетейік, ауа райының қолайсыз жағдайына (қарлы боран, жолдың дұрыс көрінбеуі) байланысты 20 қаңтарда кешкі сағат 18:30-дан бастап «Қандыағаш-Ембі-Шалқар-Ырғыз» республикалық маңызы бар автомобиль жолының «Ембі ауылы-Шалқар қаласы» учаскесіндегі 91-257-шақырымында және «Самара-Шымкент» республикалық маңыздағы автокөлік жолының «Ақтөбе-Қарабұтақ ауылы» учаскесіндегі 753-965-шақырымында көліктің барлық түрлері үшін жол қозғалысына шектеу қойылған болатын.