Ақтөбе облысында жолаушылар пойызының тепловозы адам қағып кетті

АСТАНА. Қыркүйектің 25-і. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында жолаушылар пойызының тепловозы 18 жасар бойжеткенді қағып кетті,

 деп   хабарлайды  Төтенше жағдайлар  министрлігінен.

 Қайғылы оқиға бейсенбі күні сағат 22.40-та Қандыағаш  стансысында  болған.  Ақтөбе-Атырау    бағытындағы №692   пойыздың    №3142 тепловозының машинисі     18 жастағы  бойжеткенді   қағып   кеткен,      ол ауруханада көз жұмды.