Жол апаты 25 қаңтар күні күндізгі сағат 2-де болды. Бойжеткен жолдан өтіп бара жатты, бірақ «Mazda» көлігінің 22 жастағы жүргізушісі тежегішті уақытылы баса алмай, жаяу жүргіншіні қағып кетті. Жол-көлік оқиғасының салдарынан бойжеткен алған жарақаттардан оқиға орнында мерт болды.
Аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.