Ақтөбе облысының әділет департаментінде СМС-портал жұмыс істей бастады

АҚТӨБЕ. Тамыздың 11-і. ҚазАқпарат /Мирал Жармұхамбетов/ - Ақтөбе облысының әділет департаментінде «СМС-портал» жүйесі жұмыс істей бастады. Бұл - халықтың ақпараттарды жедел және толымды алуы мақсатында әділет органдары көрсететін мемлекеттік қызметті әрі қарай жетілдіру жөніндегі тағы бір шара.

Аталмыш жүйе алғаш рет енгізілуде  және   оның  жұмыс  барысы  төмендегідей: сауал қойылған  СМС-хабар  порталға 8-701-519-60-19 телефон нөміріне    жіберіледі.  Ал порталға келіп түсетін барлық  сауалды  оператордың компьютері  қабылдап алады, әрі қарай  ол  сауал   әділет  органының    тиісті бөлімшесіне    жіберіледі.   Сауалдың   мазмұнына     байланысты,  жауап   1 - 7 күннің ішінде беріледі.

Өз  СМС-сауалына жауап алу  үшін азамат   8 (7132) 56-20-70 телефонымен    әділет департаменті анықтама  қызметінің саll-орталығы  операторына  қоңырау  шалып,   сауал жіберілген    ұялы  телефонның нөмірін  айтса  болды.     Сондай-ақ жауаптармен  департаменттің - www.аdiletaktobe.kz    мекен-жайдағы веб-сайтына  кіріп, танысуға  болады.