Бұл құрметті белгі облыс әкімі Е.Сағындықовқа ақтөбелік жауынгер-интернационалистерге көрсеткен орасан көмегі үшін берілді.
19:54, 17 Ақпан 2010
Ақтөбе облысының әкімі Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының «Құрмет» белгісімен марапатталды
АҚТӨБЕ. Ақпанның 17-сі. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Елеусін Сағындықов Бауыржан Момышұлы атындағы Ауған соғысы ардагерлері қауымдастығының «Құрмет» белгісімен марапатталды. Әкімге құрметті белгіні облыстық әкімдікте қауымдастық төрағасының орынбасары Бақытбек Смағұл тапсырды.