Жалпы жылдың қорытындысы туралы айта келе, Е.Сағындықов, дағдарысқа қарамастан, Ақтөбе облысы аймақтардың арасындағы көшбасшыларды бірі екенін атап көрсетті және ақтөбеліктердің қиын кездері де нәтижелі жұмыс істей білетіндігін дәлелдей алғанын жеткізді.
Дағдарыс кезеңінде облыс экономикасының негізі - Президенттің индустриялық бағдарламасы болды. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде аймақ өнеркәсібінің барлық саласында оң жетістіктерге қол жеткізілді.
«2009 жылы облыстың өнеркәсіптік өндірісінің нақты көрсеткіш индексі - 105,6 пайызды құрады, ал республикалық көрсеткіш - 101,7 пайыз болды. Жалпы аймақтық өнім 104 пайызды құрады, ал республикалық көрсеткіш - 101,1 пайызды шамалады. Бұл облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының мазмұнды көрсеткіші болып табылады», - деп атап көрсетті әкім өз сөзінде.
2009 жылы біз, 2008 жылға қарағанда жақсы жұмыс істедік және республикалық көлемде жоғары өнеркәсіптік көрсеткіштерге қол жеткіздік. Мұндай жетістікке небәрі 2-3 облыс қана жетті. Ал соңғы 5-6 жылда республикалық көлемдегі Ақтөбе облысы өнеркәсіп өндірісінің үлес көрсеткіші 4 пайыздан 10 пайызға дейін өсті ,- деді Е.Сағындықов.
Есеп беру жиынына аудандық және қалалық мәслихаттардың өкілдері, Ақтөбеде Жолдау жүктеген міндеттерді түсіндіру мақсатында жүрген Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары қатысты.