Ақтөбе облысының әкімі қаза тапқан полиция капитанының отбасына көңіл айтты

АҚТӨБЕ. 1 тамыз. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов өткен сенбі күні қызметін атқару кезінде қайтыс болған полиция капитаны Рүстем Кенжалиннің отбасына барып, көңіл айтты.

Қаза тапқан полиция қызметкерінің отбасына бір миллион теңге көлемінде матриалдық көмек берілді.

Бұрын хабарланғандай, 29 шілде күні «Жаңажол» саяжай алабында ағымдағы жылдың 10 шілдесі күні азамат Теміровтің өліміне қатысты қылмыскерлерді ұстау бойынша жүргізілген жедел іс-шаралар барысында Ақтөбе облысы Ішкі істер департаменті экстремизмге қарсы күрес басқармасының жедел уәкілі, полиция капитаны Рүстем Кенжалин қаза тапқан болатын.

Қазіргі таңда осы оқиғаға қатысты құқық қорғау органдары тиісті тергеу амалдарын жүргізуде.