Өткен жылы «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы аясында ол кредит алып, қымыз ашытып, Ақтөбеге сату үшін төрт бие сатып алған болатын.
Оған бірге жұмыс істейтін туыстары көмек көрсетуде, қазір, мысалы, анасы сиыр сауады, Серік ағасымен бірге қаймақ пен сары майды облыстық орталықта тұратын сатушыларға өткізеді.
Туысқандарынан басқа, шаруашылықта тағы бір ауылдасы жұмыс істейді.
«Оның жарты айлығын, мемлекеттік бағдарлама бойынша мемлекет төлейді, бұл мен сияқтылар үшін үлкен демеу. «Жұмыспен қамту-2020» шет аймақтың өзінде өзің қалаған іспен айналысуға мүмкіндік тудыруда», - деді Серік.