27 жергілікті тұрғын белгісіз газға уланып қалды, деп хабарлады төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық департаменттен.
Департаменттің баспасөз қызметінің бас маманы Айымжан Лұқпанованың айтуынша, сол күні 41 жастағы ер азамат өз гаражының жанында оттегі баллонын ашқан. Нәтижесінде, газдың таралуы салдарынан жақын маңдағы үйлердің тұрғындары уланып қалған. Жалпы есеппен 27 адам зардап шегіп отыр, олардың 19-ы- балалар. Зардап шегушілердің барлығы Ембі қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Факті бойынша тексеру амалдары жүргізілуде.