70 грамға жуық марихуананы азаматша Ресей Федерациясының шекарасындағы көршілес кентке алып өтпек болған екен.
Облыстық Ішкі істер департаментінде өткен баспасөз мәслихаты барысында белгілі болғандай, азаматша Мәртөк ауданына қарасты Аққұдық ауылдық округінен екі шақырым жерде күндізгі сағат 4 шамасында қолға түскен. Оны тексеру барысында түйіншекке түйілген ерекше иісі бар зат, яғни марихуана табылып, тәркіленген.
Ұсталған азаматшаның айтуынша, ол марихуананы РФ аумағындағы кентте тұратын достарына апарып бергісі келген. Осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізіліп, қылмыстық іс қозғау туралы мәселеле шешіліп жатыр.