Ақтөбе облысының үш жылдық бюджетіне өзгерістер енгізілді

АҚТӨБЕ. 25 қаңтар. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Ақтөбе облыстық мәслихатының екінші кезектен тыс сессиясында 2012-2014 жылдар бюджетіне өзгерістер енгізілді.

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бастығы Қуантқан Әлімовтың айтуынша, облыстық бюджет өзгерістері қолда бар 633,9 млн. теңге көлемінде қалған бюджетке байланысты болды.

 Оның 372 млн. теңгесі мақсатты трансферттермен төменде тұрған бюджеттерге, ал 245 млн. теңгесі  облыстық басқармалар мен департаменттер бағдарламаларына жіберіледі.

 Сондай-ақ Салық кодексіндегі өзгерістерге байланысты қоршаған ортаға эмиссия үшін төлемдер мөлшерлемесі мәселелері қарастырылды. Депутаттар мәслихаттың 2012 жылға арналған жұмыс жоспарын бекітті.