Ақтөбе студенттері республика жастарына Елбасы Жолдауын қолдау туралы үндеу тастады

АҚТӨБЕ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Бүгін Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінде өткен салтанатты жиында Ақтөбе студенттері Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын жан-жақты қолдау туралы Қазақстан жастарына арнап үндеу қабылдады.

«Нұрсұлтан Назарбаев, халықтың пікірін құрметтей келе және Ата заңымыздың кепілі бола отырып, өз өкілеттігінің 2 жылға қысқаратындығына қарамастан, мерзімінен бұрын сайлау өткізу туралы шешім қабылдады, бұл - ұлттық ерлік», деп атап көрсетіледі үндеуде.

Ақтөбе жастарының өкілдері, сайлау өткізілген жағдайда оған белсенді атсалысуға және Елбасын қолдауға уәде берді.