«Елбасымыз - кемеңгер, көші түзу - кемел ел!» деген ұранмен өткен бұл жиынға негізінен Ақтөбенің барлық жоғары оқу орындарының студент жастары мен оқытушылары қатысты.
Жиналған қауымның алдында оқу орындарының үздік студенттері, профессорлар және Ақтөбенің танымал азаматтары сөз сөйледі. «Біз Президенттің саясатына сенеміз, біз Елбасын қолдаймыз», - деді Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің 1-курс студенті Гүлзира Мендеш.
«Биылғы Жолдау ерекше мазмұнды болды. Ел тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жасалғандықтан, Жолдау ерекше мазмұнды болды. Елбасының студенттерге көрсетіп отырған қолдауы бізді қатты қуантуда: жыл сайын білім гранттары көбейіп, стипендия өсіп отыр. Денсаулық сақтау жүйесінің бірыңғай ұлттық жүйесі де қалыптасып келеді. Жолдаудың арқасында, мен өз келешегіме сенімдімін», - деді болашақ дәрігер, Батыс Қазақстан медициналық институтының 4-курс студенті Вадим Медовщиков.
Ақтөбе пединститутының кафедра меңгерушісі, профессор Нұртаза Абдоллаев, Ұлы Отан соғысының ардагері, Ақтөбе облыстық мүгедектер одағының төрағасы Федор Чемоданов, т.б. азаматтар Елбасының Жолдауына өз қолдауларын білдірді.
Салтанатты шара студенттер ұйымдастырған концерттік бағдарламамен аяқталды.