Бүгін облыстық ІІД баспасөз мәслихатында хабарланғандай, полицияға 29 жастағы азаматша хабарласып, оның ұлының жоғалып кеткені туралы айтты. Оның айтуынша, ол баласын мектептен Чернышев көшесі мен Победа даңғылының қиылысында қарсы алып, үйіне жіберген, осыдан кейін ол із-түзсіз жоғалды.
Одан кейін әйел азаматша полицияға қайта хабарласып, ұлын қоқыс тастайтын жерден ес-түзсіз күйінде тауып алғанын, ауруханаға әкелген сәтте оның қайтыс болғанын хабарлады.
Тексеріс нәтижесі көрсеткендей, бала тұншықтырылып өлтірілген. Аталмыш фактіге қатысты ҚР ҚК 96-бабы бойынша, яғни «Адам өлтіру» фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.