Курсанттан күштеп өлтіру белгілері табылмады, деп хабарлады ІІД. Қазір полиция бөлімі тергеуалды тексеру жүргізуде.
- Ислам өз-өзіне қол жұмсады дегенге сенбеймін. Ол өте белсенді болатын, спортпен шұғылданатын. Бұған оқытушылардың кінәсі бар деп те айта алмаймын, - деді оның әпкесі Шолпан Кенжебаева.
Жас жігіттің әке-шешесі жоқ. Ол туысқандарының отбасында тәрбиеленген.