Ақтөбеде 20 аялдама бекеті абаттандырылды

АҚТӨБЕ. 3 қазан. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - Ақтөбеде 20 аялдама бекеті абаттандырылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

«АссанаҚұрылысСервис» ЖШС мердігерлік ұйымы асфальтталған «қалташаларды», абаттандыру, жаңа аялдама павильондарын, бордюрлерді, қоғамдық көлік аялдамаларында қоқыс жәшіктерін орнату бойынша жұмыстрады жүзеге асырды.

Жаңа аялдамалар жаңа құрылыс аудандарында да, қала маңы ауданында да, сонымен қатар әлеуметтік нысандар - ауруханалар, емханалар, мектептерде пайда болды. Бұл мақсатқа бюджеттен 20 млн. теңгедей бөлінді.

Аялдама бекеттерін орнату жұмыстарын қала билігі алдағы жылы да жалғастыруды жоспарлауда.