Ішкі істер органына күдіктіге қатысты алданған ақтөбеліктерден бірнеше арыз түсті. Зардап шегушілердің сөзіне қарағанда, олар алдын ала төлем бойынша 1 айға және одан да ұзақ мерзімге пәтерді жалға алып, бір тәуліктен кейін алаяқтыққа тап болғандарын білген.
Бүгінгі күні күдікті алаяқтықтың 9 фактісі бойынша жауапқа тартылуда, барлық фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоқ екендігі тексерілуде. Одан ешқайда кетпеу жайлы қолхат алынды.