АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Ақтөбеде соққыға жығылған ер адамды аурухана ауласына тастап кеткен. Ол есін жимастан көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ақтөбе қаласындағы жедел жәрдем ауруханасының көлік тұрағынан бірнеше жерінен соққы алған ер адам табылған. 15 қаңтар күні 40 жастағы ақтөбелік ес жимастан қаза болды.
«Қылмыстық кодекстің «Адам өлтіру» фактісі бойынша іс қозғалып, тергеу басталды. 18 қаңтарда полиция қызметкерлерінің жедел-іздестіру шарасы кезінде аса ауыр қылмыс ашылды. Үш күдікті ұсталды. Бәрі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізілуде», - деп хабарлады облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Алтынай Сағындықова
2001-2006 ж.ж. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін тәмамдады. Мамандығы - журналист. Еңбек жолын 2006 жылы "Kerek.info" қоғамдық-ақпараттық газетінен тілші болып бастап, шеф-редактордың орынбасары, шеф-редактор болды. Әртүрлі жылдары "Айқын" қоғамдық-саяси газеті, Bnews.kz, Aktobenews.kz тілші қызметін атқарды. 2017 жылдан бастап Kazinform агенттігінің Ақтөбе облысындағы меншікті тілшісі.