Бүгін брифингте облыстық ІІД-нің баспасөз қызметі хабарлағандай, 22 қараша күні полицияға 50 жастағы ақтөбелік шағым түсірген. Ол саяжайда өзінің 43 жастағы ағасы мен төрт адамның денесін тапқан.
Әуелде жедел қызметкерлер газбен немесе суррогаттық спиртпен уланды деген болжам жасаса, кейін қылмысты ашу барысында қайтыс болғандар буындырылып өлтірілгендігін көрсетті. Олар 34 пен 54 жас аралығындағы Ақтөбе қаласының тұрғындары екен.
«Кісі өлтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Осы қылмысты ашу және кінәлі адамдарды анықтау мақсатында жедел іздестіру жұмысы жүріп жатыр. Қайтыс болған азаматтардың қалай тұрмыс шеккендері анықталуда.