«Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры аймақтық филиалының директоры Жеделбек Мұрзағалеевтың сөзіне қарағанда, 2014 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша ақтөбелік кәсіпкерлердің 138 жобасына 6,8 млрд. теңге сомасындағы несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға қолдау көрсетілді.
Аудандар арасында «Даму» қоры арқылы несие алуда Ж.Мұрзағалеевтың айтуынша, Алға, Шалқар, Мұғалжар аудандары көш бастап тұр.