Жәрмеңке жұмыссыз ақтөбеліктердің үлкен қызығушылығын туғызды, әсіресе, жас мамандар белсенді қатысты.
«Жастардың жұмыссыздығы біздің бақылауымызда. Өкінішке орай, жас мамандарды жұмыс берушілер тәжірибесі болмағандықтан, жұмысқа қабылдағысы келмейді. Біз оларды жастар тәжірибесіне жібереміз, алайда олардың барлығы жұмысқа қабылданбайды, тәжірибеден өткендердің 40 пайызы ғана орналасады. Әрине, олар тәжірибеден өткеннен кейін бірден жұмысқа орналасқанын қалаймыз», - дейді Ақтөбе қаласы жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Найля Бүртібаева.
653 ұсынылған бос орынның 453-ы - тұрақты жұмыс орны, 200-і - әлеуметтік жұмыс орны.