Ота барысы облыстық аурухананың конференция залындағы үлкен экраннан көрсетілді. Оны 150-ге тарта адам тамашалады. Оның ішінде хирургтер мен жоғары курс студенттері болды.
Сондай-ақ отаға Израильде арнайы оқытудан өткен Ақтөбе облысының 6 хирургі мен 2 медбике қатысты.
Отаны жоғары білікті трансплантолог дәрігерлер, ота жасайтын хирургтер, анестезиолог-реаниматологтар мен медбикелерден құралған дәрігерлер бригадасы жасады.
2015 жылы облыстық денсаулық сақтау басқармасы бүйрек ауыстыру бойынша 10 ота, бауыр ауыстыру бойынша 2 ота жасауды жоспарлады. Қазақстанда ағза мүшелерін донорлық ауыстыруға жылына 4 мың науқас мұқтаж.