Қаланың 40 кәсіпорны мен ұйымы 421 бос орын ұсынды.
Ақтөбеліктер жәрмеңкеге белсене қатысты. Қалада бұрынғыша дәрігер, инженер, тігінші, аспаз, кондитер, газ электр дәнекерлегіштері сұранысқа ие.
Сондай-ақ жәрмеңкеге ауылдық округтерден 8 ақтөбелік қатысты. Олар мемлекеттік бағдарлама бойынша шағын кредиттер алып, өз істерін табысты дамытуда.
- Биыл бізде халыққа шағын кредит беру оң серпін тапты. Бұл үшін ақша бар. Биыл шағын кредитке 135 млн теңге бөлу жоспарланған. 5 адам кредит алса, 7 адамның жобасы келісуде жатыр, - деді қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басшысы Нәйля Бөртібаева.