Ақтөбе облысы әкімдігі мен Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен өтетін фестивальде Астана, Алматы, Мәскеу, Ташкент, Бішкек, Уфа, Орынбор, Петропавл, Қостанай, Шымкент, Көкшетау және Ақтөбе қалаларының ұжымдары өнер көрсетеді.
Екі күнге созылатын фестиваль құрметті қонақ - Ресейдің еңбек сіңірген әртісі, «Ресейдің үздік джаз кернейшісі» атағының иегері Сергей Проня жетекшілік ететін еуропалық джаз квартетінің концертімен қорытындыланады.