Конкурстық комиссия елді мекендерге шығып, жергілікті атқарушы органдардың елді мекен тұрғындарын ұйымдастыру жұмыстарын бағалады, қоршаған ортаны қорғаудағы жетістіктер мен кемшіліктерге, санитарлық тазалық пен аумақтарды абаттандыру шараларына назар аударды.
Конкурстық комиссияның қарауына сондай-ақ, атқарылған іс-шаралар туралы фотоальбомдар, буклеттер, бейнебаяндар ұсынылды.
Конкурс қорытындысы бойынша, Шалқар қаласы мен Әйтеке би ауданындағы Комсомольское ауылы облыстың экологиялық ең таза елді мекендері деп танылды. Елді мекендер мен ауылдық округтардың әкімдіктері дипломдармен және бағалы сыйлықтармен атап өтілді.