Ақтөбелік іздеушілер ширек ғасыр қызметінде мыңнан астам кеңес әскерлерінің сүйегін тауып, жерледі, сексеннен астам сарбаздар мен офицерлердің кім екенін анықтады.
Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлова атындағы облыстық мемориалдық мұражайда таяу күндері іздеу жұмыстарының белсенділері, сондай-ақ осы игі істе қолдау көрсеткендер мен журналистер марапатталды.
Қатысушыларға ақтөбелік іздеушілердің ширек ғасырлық қызметі жайлы «Іздеу жалғасуда» атты деректі фильм көрсетілді.