Қала әкімінің бірінші кездесуі 4 ақпанда сағат 16.00-де Сазды ауылдық округінің Мәдениет үйінде өтеді. 5 ақпанда Ерхан Омаров «Металлург» МҮ-де өндірістік кәсіпорынның қызметкерлерімен кездеседі. Келесі күні «Гүлдер» шағынауданында №8 орта мектепте кездесу өтеді, сондай-ақ №15 орта мектепте жүздесу жоспарланған. Әкімнің есептік қорытынды кездесуі 8 ақпанда драма театрында өтеді.
Қалалық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарланғандай, қазіргі уақытта қала әкіміне сұрақтар мен ұсыныстарды жинау басталды.