Барлық жүлдегер кәсіпорындар Астанада өтіп жатқан «2015- Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме байқауына қатысады.
Еске салсақ, байқау Қазақстан Республикасы Президентінің «Алтын сапа» сыйлығын алуға арналған конкурс және «Қазақстанның үздік тауары» республикалық көрме-конкурсы туралы» 2006 жылғы 9 қарашадағы № 194 Жарлығына сәйкес жүргізілуде. Мақсаты - жеке және заңды тұлғалар қызметін жандандыру, Қазақстан нарығын жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өніммен толықтыру, халық арасында сапа идеясын насихаттау.