Бұл туралы ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі хабарлады.
Өрт сағат 18.00-де сөндірілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Ақтөбе облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 9 адамы мен 2 техникасы және ҚР ТЖМ «Медициналық апат орталығы» ММ-нің 3 адамы мен 1 техникасы жұмылдырылды. Жалын шарпыған аумақ 2 шаршыметрді құрады. Өрттің салдарынан егде жастағы әйел көз жұмды.