Елдің негізгі заңының 20 жылдығымен Ақтөбе облысының әкімі Архимед Мұхамбетов құттықтады. Өңір басшысы түрлі мемлекеттік және қоғамдық мекемелер мен ұйымдардың өкілдеріне, еңбек ардагерлерін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медальдарымен марапаттады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының демократиялық мемлекет пен азаматтық қоғам құрудағы рөлі мен маңызын Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің профессоры Нұртаза Абдоллаев, Ақтөбе облыстық әділет департаментінің басшысы Гүлмира Тұрлыханова, Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сектор меңгерушісі, «Үздік жас мемлекеттік қызметкер» облыстық байқауының жеңімпазы Мәншүк Молдажанова баяндады.
Жиында Елдің Конституция күнінде 16 жасқа толған 12 жас азаматқа жеке куәлік берілді. Ал 10 жас мемлекеттік қызметкер ант қабылдады.