Бұл факті сот алды тергеу тізілімінде тіркеліп, ҚР ҚК 99-бабы (Кісі өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу барысында отағасы әйеліне өткір затпен дене жарақатын келтіргені, артынша өзіне-өзі қол салғаны анықталды.
Баспасөз қызметі сондай-ақ қылмыс жасаған зайыбы 2014 жылдан бастап психоневрологиялық диспансерде есепте тұрғанын хабарлады. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша тергеу әрекеттері жүргізілуде.